Кейбір әулет басшылары Құдай Иенің Иерусалимдегі киелі үйіне келгенде, оның қайтадан өзінің бұрынғы орнында салынуы үшін ерікті тартулар жасады. Олар өз шама-шарқынша осы ұлы істің қорына арнап алпыс бір мың алтын теңге, бес мың қадақ күміс және діни қызметкерлерге арналған жүз көйлек берді.