1
Мысырдан шығу 15:26
Киелі кітап
— Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін. Егер Менің айтқандарыма құлақ асып, Маған ұнамды әділ іс істесеңдер, әрі өсиеттеріме ден қойып, барлық ережелерімді орындасаңдар, онда Мен мысырлықтарға жіберген індет-аурулардың бірде-біреуін сендерге жұқтырмаймын. Себебі Мен сендерді сауықтырушы Жаратқан Иемін.
Compare
Explore Мысырдан шығу 15:26
2
Мысырдан шығу 15:2
Жаратқан Ие — қайнар көзі күш-қуатымның, Мадақтау жырларымды Оған арнай берейін. Ием мені құтқарып, алып қалды аман-есен. Жаратқан — Құдайым менің, Оны мадақтайын, Ол — әкемнің де Құдайы, даңқын асырайын!
Explore Мысырдан шығу 15:2
3
Мысырдан шығу 15:11
Уа, Жаратқан Ие, қай «тәңір» Саған тең келер еді? Ешкім жоқ Сендей салтанатты да қасиетті, Даңқты ұлылығымен айбынды да қастерлі, Керемет істер жасайтын сондай құдіретті!
Explore Мысырдан шығу 15:11
4
Мысырдан шығу 15:13
Құтқарған халқыңды рақымыңмен жетелейсің, Киелі мекеніңе зор күшіңмен жеткізесің.
Explore Мысырдан шығу 15:13
5
Мысырдан шығу 15:23-25
Мараға келгенде халық оның суын іше алмады, өйткені су ащы екен. Сондықтан да бұл жер Мара («Ащылық») деп аталатын. Сонда халық: «Енді не ішеміз?» — деп Мұсаға қарсы наразылық білдірді. Мұса Жаратқан Иеге дауыстап жалбарынып сиынды. Сонда Жаратқан Ие оған бір ағашты көрсетті. Мұса оны суға лақтырған кезде су тұщыланды. Сол жерде Тәңір Ие өз халқына арналған заңдары мен шешімдерін шығарды. Ол халықты сынап былай деді
Explore Мысырдан шығу 15:23-25
Home
Bible
Plans
Videos