Ол қатты күшейеді, бірақ өзінің күш-қуатымен емес. Сол арсыз патша таңғалдыратындай ғаламат ойран туғызып, не істегісі келсе де, сонысын жүзеге асырып отырады. Патша күшті басшыларды әрі Құдайға бағышталған халықты ойрандап кетеді. Әлгі патша асқан ақылдылықпен алдамшы жоспарларын жүзеге асырып, асқақтап мақтанатын болады. Патша алаңсыз отырған көптеген адамды қырып-жойып, тіпті әміршілердің Әміршісі — Құдайдың Өзіне қарсы бас көтереді. Алайда ол құритын болады, бірақ құруы адам баласының қолынан болмайды.