былай деді:
«Мәңгі мадақталсын Құдайдың есімі,
Ол — бар даналық пен құдіреттің Иесі!
Заман мен дәуір атаулыны өзгертеді,
Әрі патшаларды тағайындап қояды,
Ал кейін оларды орнынан алады,
Ол даналарға тағы даналық қосады,
Түсінігі барларға білім дарытады,
Құдайда әрдайым жарық нұр болады,
Ол құпия, көмескі жайттарды ашады,
Түнектегілерін де анық ұғады.