Киелі Рух Філіпке: «Күймеге жақындап, қатарласып жүр!» — деді. Філіп күймеге жүгіріп барғанда, сол кісінің Ишая пайғамбардың жазбасын оқып отырғанын естіді. Оған:
— Оқығаныңыз түсінікті ме? — деген сұрақ қойды. Уәзір:
— Біреу түсіндірмесе, қайдан түсінейін? Күймеге мініп, қасыма отырыңызшы, — деп Філіптен өтінді.