Фест солармен бірге шамамен сегіз-он күн Иерусалимде болған соң, Кесарияға қайтып келді де, бір күннен кейін соттың орындығына отырып, Пауылды алдыртты. Пауыл кірген соң, Иерусалимнен келген яһудилер оны қоршап алып, көптеген ауыр-ауыр айып тақты, бірақ оларын дәлелдей алмады.