Азоттықтар келесі күні ертемен тұрып, ғибадатханаға келгенде Дагонның мүсіні Жаратқан Иенің сандығының алдында етпетінен құлап жатыр екен! Олар мүсінді көтеріп, бұрынғы орнына қойды. Бірақ келесі күні де таң сәріде тұрып, қарағанда Дагон қайтадан Жаратқан Иенің сандығының алдында етпетінен құлаған еді. Оның шабылып түскен басы мен қолдары есіктің табалдырығында, ал денесінің қалған бөлігі жерде бөлек жатты.