оған:
— Бар да жат. Егер сені қайтадан шақырса, онда: «Уа, Ием, айта гөр, пендең тыңдап тұр» деп жауап бер, — деді. Самуил төсегіне барып жатты.
Бұдан кейін Жаратқан Ие тағы да оның қасына келіп, бұрынғыша:
— Самуил, Самуил! — деп шақырды. Бала:
— Айта гөр, пендең тыңдап тұр, — деп жауап берді.