1
Патшалықтар 1-ж. 17:45
Киелі кітап
Дәуіт оған былай деп жауап қайырды: — Сен маған қарсы семсер, сүңгі, найзамен келесің. Ал мен саған Әлемнің Иесінің атымен, иә, өзің масқаралап отырған исраилдік әскер саптарының Құдайының атымен келе жатырмын!
Compare
Explore Патшалықтар 1-ж. 17:45
2
Патшалықтар 1-ж. 17:47
Мұнда жиналғандардың бәрі де Жаратқан Иенің құтқару үшін семсер мен сүңгіні керек қылмайтынына көз жеткізетін болады! Себебі бұл соғысты Жаратқан Иенің Өзі жүргізіп, сендерді біздің қолымызға тапсырады!
Explore Патшалықтар 1-ж. 17:47
3
Патшалықтар 1-ж. 17:37
Бұған ол: — Мені арыстан мен аюдың шеңгелінен құтқарып алған Жаратқан Ие мына філістірден де қорғайтын болады, — деп қосты. Саул мақұлдап: — Онда бар, Жаратқан Ие саған жар болсын! — деді.
Explore Патшалықтар 1-ж. 17:37
4
Патшалықтар 1-ж. 17:46
Бүгін Жаратқан Ие сені қолыма түсіреді. Сені өлтіріп, басыңды шауып тастаймын, әрі філістір әскерінің өліктерін жыртқыш құс пен аңға жемтік қылып беремін. Сонда бүкіл әлем Исраилде (шынайы) Құдайдың бар екенін білетін болады!
Explore Патшалықтар 1-ж. 17:46
5
Патшалықтар 1-ж. 17:40
Дәуіт таяғын қолына алып, жылғаның түбінен бес жұмыр кесек тас теріп, дорбасының сырт қалтасына салып алды. Содан ол қолына сақпанын ұстап, філістірге қарай беттеді.
Explore Патшалықтар 1-ж. 17:40
6
Патшалықтар 1-ж. 17:32
Дәуіт: — Тақсыр, ешкім сол філістірден қорықпай-ақ қойсын. Алдыңыздағы қызметшіңіз барып, онымен шайқасуға дайын, — деді.
Explore Патшалықтар 1-ж. 17:32
Home
Bible
Plans
Videos