Егер сен әкең Дәуіт сияқты, жүрегің таза, әділ болып жүріп, өзіңе берген өсиеттерімді көз алдымда орындап, ережелерім мен шешімдеріме бағынатын болсаң, онда Мен Исраил елінде Сенің патшалық тағыңды мәңгілікке берік етемін. Өйткені көзі тірісінде әкең Дәуітке: «Әрдайым сенің ұрпақтарыңның біреуі Исраилдің патшалық тағында отыратын болады», — деп уәде берген едім.